
«Дәстүр» – ежелгі ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміздің қазіргі заманға бейімделген, өзекті көрінісін ұсынатын ток-шоу.
Бағдарламаның басты мақсаты – қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетін жаңа көзқараспен таныстыра отырып, дәстүрлердің эволюциясын көрсету. Біз дәстүрдің озық жағын да,тозығын да талқылаймыз, яғни әр дәстүрді заманның талаптарына сай бейімдеп, оның әлі де өз орнын табуы үшін жасалып жатқан өзгерістерді көрсетеміз.
Жиілігі: аптасына 1 рет
Жүргізуші: Данеш Байболатов