Мерекеге орай елордада «Әлия – аңызға айналған есім!» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің зерттеушілері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қаһарман жауынгерлердің есімін дәріптеуге және жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Жанар Мақсұтова, Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің директоры:
- Музей қорында Молдағұлова тегін берген Әубәкір нағашысының естеліктері сақталуда. Сонымен бірге фотоға қатысты қазір көп жерлерде, әсіресе әлеуметтік желілерде актрисаның фотосы Әлия Молдағұлованың фотосы ретінде пайдаланып жүр. Әлияның түпнұсқадағы 6 фотосы музейде сақтаулы. Соны насихаттауда жұмыстанудамыз.