Елордада тарихшылар мен сарапшылар бас қосты

  • 54
  • 21.10.2025, 19:49

Кейінгі кезде тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайында өтірік-шыны аралас алыпқашпа әңгімені арқау еткен мақала, посттар жазылып, кітаптар шыға бастады. Ойландыратыны, бұл іспен кәсіби дайындығы мықты мамандар емес, әуесқой «тарихшы», шалағай «журналистер» айналысып отыр. Тіпті әлеуметтік желіде «тарихшы блогерлер» пайда болды.

Елорданың төрінде кәсіби тарихшылар мен сарапшылар бас қосып, «Қоғамдық кеңістіктегі тарихи білім» тақырыбында жиын өткізді. Сауатты аудармадан бастап, ұлттық тарихи деректердің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жайы сөз болды. Академиялық тарихшыларды ақпарат кеңістігіндегі сауаты шала «тарихшылар», «блогерлер» алаңдатып отыр.

Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры:

- Бұған дейін бес томдық еңбек жазылды. Қазіргі таңда жеті томдық еңбек жазылып жатыр. Мұның барлығы ғылыми айналымға жаңа мәселелерді шығарып жатқандығы белгілі. Соған қарамастан соңғы жылдары тарихи тақырыптарға кәсіби тарихшылармен қатар, біліктілігі дәлелденбеген тұлғалар және әлеуметтік желідегі әуесқойлардың да таныла бастағанын көріп отырмыз.

«Бұл құбылыс қоғам арасында тарихи фактілердің бұрмалануына, дәлелсіз және субъективті көзқарастардың таралуына әкеліп отыр», - дейді тарихшылар.

Саялбек Ғиззатов, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Яғни тарих саласындағы «нишаның» дейміз ғой, бос екендігін көрді. Бірқатарлары сол салаға келіп жатыр. Ол енді жасырын емес. Соның салдарын біз көріп жатырмыз. Алдында енді құйрық-бауыр жеу деген бұл арабтардан шыққан дәстүр дегенді журналистер қауымы айтып қалды. Одан кейін ұлт зиялылары өзге әйелдерге үйлену себебін айтуға тырысты. Бұның барлығы қоғам арасында үлкен реакция туғызды. Енді менің айтайын дегенім, ең бірінші мәселе – осы тарихшылар мен қарапайым халық арасында көпір ісепеттес дүниелер қарастыру керек шығар.

Әркім өзінің бүгінгісін танып, ертеңге жоспар құру үшін өткенін білгісі келеді. Тарих көпті қызықтырады. Бірақ әлеуметке сол тарих қалай жетіп жатыр? Кімнің мүддесін қорғайды? Мәселе сонда болып тұр.

Тұрсынхан Зәкенұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор