Биыл үш мыңнан аса өтінім түскен. Нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен үздік 20 отбасы іріктеліп алынған. Жеңімпаздарға диплом және миллион теңге табысталды. Сарапшылардың айтуынша, бұл байқау қоғам арасында отбасы құндылығын күшейтіп, ажырасу көрсеткішін соңғы бес жылда 16 пайыз төмендетуге септігін тигізген.
Айта кеткен жөн, елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 12 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Меңтайыр Қоңыр, жеңімпаз отбасының мүшесі:
- Біз атадан балаға қалған ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген отбасымыз. Осы киімнің бәрін қолдан дайындадық. Біз аталарымыз да, әкелерімізде осы қолөнермен айналысқан. Менің жастарға айтарым, қандай шаруа істесе де, ынтымақта істесе жақсы дамиды.
Жақсылық Әбсадықов, жеңімпаз отбасының мүшесі:
- 50 ауыл шаруашылығында жұмыс істедім. 35 жыл механизатор болып, 5 жыл күріш ектім. Сөйтіп зейнетке шыққаннан кейінгі де жұмыс істедім. 3 ұл, 3 қызым бар. 29 немерем бар. 47 шөберем бар. Шөпшек күтіп отырмыз.