ШҚО-да «Шығыс Салбурыны» фестивалі өтіп жатыр

  • 15
  • 10.10.2025, 19:48

Аңшылық-саятшылық өнерді дәріптеуге арналған мерейтой Бозанбай ауылында Бүркіттөбе басында ұйымдастырылған. 

Қыран құстың қырағылығы мен құсбегілердің шеберлігі сыналатын додаға 100-ден аса бүркітші қатысып жатыр.  

Ел шығысында сән салтанаты келіскен әдемі бір той басталды. Осымен бесінші рет Салбурын ұйымдастырылып жатыр. Оған келген 100-ден аса саятшы 81 бүркіт, 11 қаршыға, 14 ителгі әкелді. Жұтынып тұрған қыранын қолына қондырған қатысушылар арасында 6 мемлекеттің өкілі де бар. Олар Моңғолия, Мажарстан, Қытай, Қырғызстан, Испания, Ресей елінен келгендер. Кеше мұнда тек бүркіттер арасында шырға тарту, қолға шақыру сайыстары болса, ителгі мен қаршығалар арасында сондай бәсеке өтті.

Сананы сандық технология мен жасанды интеллект игеріп бара жатқан заманда құсбегілікті бұқаралық сипаттағы спортқа айналдыру бүгінгі шараның басты мақсаты. Айтпақшы енді осы Салбурын «Юнесконың материалдық емес құндылықтар тізіміне» енуі ммкін.

Бағдат Мүптекеқызы, Қазылар алқасының  мүшесі:

-Салбурын қазақтың ұлттық аңшылық өнері, мәдениеті деген тақырыппен Юнесконың материалдық емес құндылықтар тізіміне енгіздік, құжаттарының барлығын. Келесі жылы Салбурын әлемдік деңгейдегі біздің мәдени мұра қатарына кіреді.

Бимұрат Жақсыбаев Алматы облысынан арнайы келген.13 жасынан бері құс баптап келе жатқан ол Салбурынға екінші рет қатысып отыр.

Бимұрат Жақсыбаев, бүркітші

-Жоқ дегенде 30-40 күн дайындаламыз ғой дегенмен жақсы енді қолға келіп кеше қолға түспей қалып, аттан жарықтап солай болды енді, жердің деңгеі биік болды, аласа жерде шақырып үйретіп қалған жағдайымыз бар.

Мажарстанан келген сайыскерлер де сайын даладағы көрініске тәнті болыпты

Гергей  Бодиш, жарысқа қатысушы (Венгрия):

-Сайыс өз алдына, бұл жерден нағыз ұлттық рух терең тарих сезіледі. Адамдар да, құстар да тіпті әрбір тау-тас та дәстүрден хабар бергендей. Құсбегілік өнердің дамуына осы да әсер еткен болар.

Жарыс өтіп жатқан осы Бозанбайдағы Бүркітөбе маңына 40 үй тігіліп,шағын ауыл бой көтерді. Жиын тойды тамашалауға келген туристер де көп. 
 
Кеше басталған Салбурынның ең қызық бөлігі ертең осы жерде жалғасып, жеңімпаздар жарияланады. Ал жүлде қоры 4 миллион теңге. 

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин