Астанада халықаралық сәулетшілер фестивалі басталды. Іс-шарада Еуразияның жетекші архитекторлары бас қосты. Байқауға 13 сәулет одағының 132 нысаны ұсынылып отыр. Оның ішінде қызғалдақ пішінді нысан, төбесі ашылатын стадион сияқты ерекше жобалар бар. Байқау қорытындысы 11 қазан күні белгілі болады. Фестивальдің мақсаты – білім, өнер және мәдениет саласында ұзақ мерзімді әріптестік байланыс дамыту. Мұнда қала құрылысы мен сәулет жобалаудағы заманауи үрдістер де талқыға салынды. Сәулетшілер фестивалі биыл 33 рет ұйымдастырылып отыр.
Серік Рүстембеков, Қазақстанның Еңбек сіңірген сәулетшісі, халықаралық сәулетшілер одағы қауымдастығының вице-президенті:
-Содан бері Қазақстанның сәулетшілері 11 рет бас жүлде, гран-при, алтын медальге ие болды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Соған қарағанда біздің сәулетшілеріміздің кәсіби деңгейі өте жоғары деп есептеймін