Байқау Халық қаһарманы, күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналып отыр. Әр өңірден жиналған 18 бен 35 жас аралығындағы талантты 24 үміткер «Отырар сазы» Академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен үш туынды орындайды. Қатысушыға бір туынды алдын ала беріледі. Тағы бір міндетті шығарманы байқау барысында таңдайды. Сондай-ақ қатысушы өз еркімен бір музыкалық шығармаға дирижерлік етеді. Мақсат – жастардың шеберлігін жетілдіру. Өнер мерекесі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Байқауда дирижерлардың монуалдық техникасы, оркестрмен үндестігі, шығарманың иірімдерін бере білуі сарапқа салынады. Жарыс 10 қазанда аяқталады.
Дінзухра Тілендиева, Н.Тілендиевтің қызы:
-Бұл байқау Отырар сазы оркестрімен өтеді. Қуанышқа орай осы жылы 24 дирижер қатысып, отыр. Бұл дирижер конкурсына аз емес. Мен өзім консерваторияда оқығанда курста екі-ақ дирижер студент оқыдық. Соған қарағанда 24 үміткер өте көп деп ойлаймын. Өте қуанарлық жақсы нәрсе.
Айтқали Жайымов, дирижёр, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
-Әрбір шығармасында үлкен уақиға жатыр. Үлкен пәлсапа жатыр. Соны қалай түсінді екен дирижер, соны қалай атқарды? Содан кейін кейін әр мамандықтың өзінің техникасы болады. Қолдың техникасы ғой негізі. Сол қолдың техникасы қалай меңгерілген. Орындаушылар бірден түсініп жатыр ма? Сосын тұрысы да ескеріледі.