Жұмысшы мамандықтарға сұраныс артты

  • 10
  • 22.10.2025, 19:48

Бұл туралы мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы келтіруде. Еңбек нарығына келсек, қазіргі таңда кәсіби деңгей мен біліктілікке талап күшейді. Тиісінше жақсы жалақыға кәсіби біліктілігі жоғары кадрлар иек арта алады. Қазіргі күні республика бойынша 68 мың жаңа жұмыс орны бос тұр. Білім беру, медицина, өнеркәсіп және құрылыс салаларына қажетті мамандарға сұраныс жоғары.

Бағила Орымбетова, Астана қаласы әкімдігі «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Мансап орталығының басшысы:

- Еңбек порталымызда 700-ден астам жұмыс беруші тіркеліп тұр және олар 8 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Барлығы бірден жоғары жалақы, жақсы жұмыс, оңай жұмыс болса екен дейді. Сондайды көп қарастырады. Әрине, жалақысы жоғары жұмыс оның талабы да, жауапкершілігі де жоғары болады. Көп кісілер ол талапқа сай келе бермейді.