Хабар телеарнасы

Индустрияландыру саласы бойынша елімізде 1250 жоба іске қосылған

Олардың жалпы құны жұмсалған жеке инвестициялар көлемі мен өнімділік қуатын өсіру табысын қоса есептегенде 7,9 трлн теңге болған. Кәсіпорындарда 128 мың жұмыс орны ашылды. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 770 жоба жүзеге асырылса, екінші бесжылдықтың төрт жылында 480 жоба ғана іске қосылды. Биыл 423 млрд теңгенің 111 жобасы жұмысын бастады. Салалар бойынша айтсақ, ең көп жоба агроөндіріс кешені мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс пен машина жасау салаларында жүзеге асырылыпты.