Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы көктемгі маусымын ұсынады!

  «Қызық Times» жоба авторлары астарлы әзіл мен қызықты қалжыңды түсінетін көрермендерді көгілдір экран алдына шақырады. Бағдарлама форматы әдеттен тыс қызықты сұхбат мен әзіл-сықақтан, ерекше жанрдағы көрсетілімдер мен күлкілі бейнебаяндардан тұратын болады. Студияға шақырылған мәдениет және саясат қайраткерлері мен шоу-бизнес жұлдыздары немесе театр және кино актерлері де бағдарламаның басты талабы бойынша, ойынды көтеріп, кез келген жағдайға, тіпті жасырын камераға түсіп қалса, немесе өзіне жасалған пародияны көрсе, күлкімен қарап, әзілдесе білуі тиіс. 
 

Қазақ эстрадасында төбе көрсетіп жүрген әншілердің қарым-қабілетін тыңдарман қауымға бүкпесіз жеткізетін бірден-бір бағдарлама – «Жұлдызды жекпе-жек» жобасы. Жуырда бағдарламаның екінші маусымы басталады. Ендігі маусымда осыған дейін бағдарлама тарапына айтылған сын ескеріліп, кемшін тұстары жетілдірілген. Айта кетейік, негізгі сайысқа қатысушылар әлеуметтік желі арқылы жүргізілген сауалнама арқылы таңдалған. Оза шыққан 16 қатысушының үздігі алдағы 13 бағдарламада анықталады. Сондай-ақ өткен маусымда  бақ сынаған әншілер бұл маусымға қатыспайды.



 

   

«Хабар» арнасы ойын-сауық бағытындағы қызықты да сапалы бағдарламаларымен көрерменнің оң бағасын алған. Үрдіс жаңа маусымда да жалғасады. Телевизия тарихындағы ең танымал шоу өз көрерменімен қайта қауышады. Соңғы 20 жыл бойы әлемнің 90 елінде көрсетіліп келе жатқан  «Кто возьмёт миллион?» жобасы «Хабар» арнасында жалғасын табады. Сан сауалдың жауабын бірге ойланайық!  

 

   

«Тарих.Тағдыр.Тұлға» бағдарламасы қазақ халқының тарихында ұлты үшін тар жол тайғақ кешкен ұлылардың өмір жолын баяндайды. Жоба жүргізушісі Сырым Қашқабаев туған елі мен жерінің мүддесі жолында азап шегіп, тағдыр тауқыметін тартқан тұлғалардың жүріп өткен жолын барлап, архивтерді ақтарып, көпке беймәлім оқиғалар жайлы әңгімелейді. Жуырда «Хабар» арнасында «Тарих.Тағдыр.Тұлға» бағдарламасын көріңіздер!