«Хабар» Агенттігі қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойына орай байқау жариялады
Осыған орай «Хабар» Агенттігі «Менің өмірімдегі телевидениенің рөлі қандай?» деген тақырыпта студенттер арасында байқау жариялады. Қатысушылар наурыздың 4-іне дейін қазақ телевизиясының дамуы, оның қоғамдық санаға әсері туралы жазған очеркін Facebook не Instagram желісіне #khabaressay хэштегімен жариялауы тиіс. Байқауға гуманитарлық сала бойынша білім алып жүрген студенттер ғана емес, өзге мамандықта оқып жүрген жастар да қатыса алады. Бірінші кезекте қатысушының ой-өрісінің тереңдігі, жазу шеберлігі және қазақ телевизиясына деген көзқарасы назарға алынады.
Өркен Кенжебек, «Хабар» Агенттігі интернет дирекциясының шеф-редакторы:
- Қазақша, орысша алты орын белгіленген. Әдемі, шұрайлы тілмен тақырыбын толық ашып дүние жазса, жақсы-жақсы бағалы сыйлықтар беруге әзірміз. Мұның бәрі қазақ телевизиясының 60 жылдығына орайластырылып отыр. Кеше бастап кеттік. Екі шара. Үш апта жүреді, наурыздың басында жүлдегерді анықтаймыз. Екіншісі келесі аптаның арғы аптасы. ЕҰУ-да және ҚазГУ-де, «Khabar day» деген тақырыппен лекциялар топтамасын береміз.