«Үркер 2018»: Өтінімдерді қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады
Тұңғыш рет «Үркер» ұлттық сыйлығын 2017 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жариялаған болатын.
Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету және 2017 жылдың қорытындысы бойынша олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аударту.
2018 жылғы сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі 28 маусымда өтеді. Сыйлық лауреаттарын арнайы бекітілген қазылар алқасы анықтайды.
Айта кетейік, былтыр байқауға 700-ден астам үміткер өтінім білдірген. Олардың арасынан іріктеліп алынған 75-тің ішінен әр номинация бойынша жүйрік шыққандар марапатталды.
Ал биыл «Үркер» сыйлығы келесі номинациялар бойынша беріледі:
1. Үздік фотосурет;
2. Үздік репортаж;
3. Үздік аналитикалық материал;
4. Үздік журналистік зерттеу;
5. Үздік сұхбат;
6. Қазақстан туралы үздік танымдық материал;
7. Үздік халықаралық аналитикалық материал;
8. Астананың 20 жылдығына арналған материал;
9. Үздік аймақтық радиостанция;
10. Үздік аймақтық баспасөз басылымы;
11. Қазақстанның үздік радиостанциясы;
12. Үздік интернет БАҚ;
13. Үздік республикалық баспасөз басылымы;
14. Үздік вайн.
Өтініштерді беру тәртібіне келсек, өтініштер электрондық түрде (ұсынылған үлгі бойынша қол қойылған скан-нұсқасы) el.kz интернет-ресурсының арнайы бөлімінде немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы өзін-өзі ұсыну форматында қабылданады.
Сондай-ақ бір автор тек бір ғана өтініш бере алады және 2 материал ұсынуға құқылы (бір аталымға 2 материал беруге, сондай-ақ әр түрлі аталымдар бойынша бір-бірден материал ұсынуға рұқсат етіледі).
ҚР уәкілетті органда тіркелгені туралы куәлігі бар БАҚ ұсынылған жұмыс бұл БАҚ-та жарияланбаса да, кез келген автордың атынан өтініш бере алады.
Ұжымдық аталымдар бойынша БАҚ-тың есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді.
Естеріңізге сала кетсек, номинация бойынша берілген барлық жұмыс 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін жариялануы тиіс. Сонымен қатар биыл өтінімдерді жолдау 10 маусымға дейін жалғасады.
Өтінімдерді қарау қазылар алқасының мүшелерімен және ұйымдастыру комитетімен жүргізіледі және құпия дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттарын таңдайды.
Ең көп дауыс жинаған төрт өтінім сыйлықтың номинаттары болып саналады. Қазылар алқасының мүшелері осы төрт номинаттардың арасынан құпия дауыс беру жолымен жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз бен номинанттар көпшілік дауыспен анықталады.