«Хабар» Агенттігінің жобасы «World TV Award 2018» жеңімпазы атанды
Ол «Ғылым және қоршаған орта» – «Өмір үшін таза су» номинацияларында жүлделі орын алған. Байқау Үндістанда Азия мемлекеттерінің саммиті аясында өтті.
Фильмді түсіруге үлкен шығармашлық топ атсалысқан. Монтаж режиссері – Олег Кочубей. Картинада журналист Артем Петров Астанадағы ауызсудың сапасын және қауіпсіздігін тексереді. Нәтижесінде астаналықтар ақша төлеп, сатып алып жүрген судың сапасы сын көтермейтіні анықталған.
Артем Петров, «Хабар 24» арнасы жаңалықтар қызметінің шығарушы редакторы:
- Ауызсудың қалай тазартылатынын зерттеп, оның санитарлық талапқа сай емес орындарда дайындалатынын анықтадық. Біздің фильмнен кейін бақылау күшейді. Тіпті қалалық су арнасы мекемесі стандартқа сай емес жағдайда ауызсу құйып жүрген адамдарды іздей бастады. Жалпы халықаралық қауымдастықтың жұмысымызды жоғары бағалағанына қуаныштымын.