Хабар телеарнасы

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Жаңа оқу жылына мемлекет 53 594 грант бөліп отыр. Оның 25 мыңы техникалық және технологиялық мамандықтарға. Ал педагогика бағытында 9 499 жеткіншек тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Ауыл шарушылығы мен ветеринарияны таңдағандарға 2 785 грант берілген. Медициналық университеттерге түсем дегендердің 2 700-і бұл мамандықты тегін меңгере алады. Ал гуманитарлық мамандықтарға мемлекет 1 450 грант бөліп отыр.

Грант иегерлерінің тізімін мына сілтемелер бойынша өтіп көруге болады: egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz.

Сондай-ақ толық тізімді жүктеп алуға мүмкіндіктеріңіз бар.