Көпшілікке танымал тележүргізушілер «Хабар» арнасына қайта оралады
Есімдері елге таныс телеарна жұлдыздары Айгүл Мүкей, Зейін Әліпбек және Марат Мұхамедсалиевтер жаңа маусымда көгілдір экран арқылы көрермендермен эфирде қауышады.
«Хабар» арнасының көрермендері 3 қыркүйекте Айгүл Мүкеймен бірге қоғамдық-әлеуметтік «Давайте говорить» бағдарламасы арқылы табысатын болады. Айгүл Мүкей бұл жолы бағдарламада көпшілікті толғантып жүрген, қоғамды мазалаған мәселелерді көтермек.
Ал Зейін Әліпбек және Марат Мұхамедсалиев жаңалықтар айдынында қызметтерін жалғастырмақ.
Сонымен көрермендер «Хабар» арнасынан жаңа маусымда тың әрі қызықты жобаларды тамашалайтын болады. Оның ішінде жас таланттардың жұлдызын жағатын «Junior Eurovision 2018» өнер додасын, «Топжарған» музыкалық және «Зерде» интеллектуалды шоуларын, т.б. ерекше айтуға болады.