Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешова Минск сахнасында өнер көрсетті
Сайыста ел тарихында тұңғыш рет Қазақстанның атынан 12 жасар Данэлия Тулешова ел намысын қорғады.
Ол – Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы.
3-ші нөмірмен сахнаға көтерілген Данэлия «Өзіңе сен» әнін сәтті орындап шықты.
Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша үздік үштікке ілінген Данэлия жалпы есептік ұпаймен 6-орын алды.
Айта кетейік, «Junior Eurovision 2018» жеңімпазы – Польша елінен келген жас өнерпаз Роксана Венгель.
Естеріңізге сала кетсек, телекөрермендердің дауыс беруі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында junioreurovision.tv сайтында өтті. Ал жеңімпаз қазылар алқасы мен көрермендер дауысының ортақ шешімі бойынша анықталды.
Анықтама: «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы – 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Eurovision» аналогы. Қазақстан байқаудың 15 жылдық тарихында алғаш рет байқауға қатысқалы отыр. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» Агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.