Хабар телеарнасы

EL ARNA телеарнасына 2 жыл толды

Осы орайда телеарна ұжымы қысқаметражды фильмдердің сценарийлеріне байқау жариялады. Сондай-ақ бүгін EL ARNA жаңа маусымын бастады.

Осы орайда EL ARNA телеарнасының директоры Арман Сеитмамыт алдағы жоспарлармен, жаңашылдықтармен бөлісті.

Айта кетейік, EL ARNA тәулігіне 24 сағат бойы үздік қазақстандық ленталар, деректі жобалар, телехикаялар, анимациялық фильмдер, сондай-ақ Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің «алтын қорында» сақталған жауһар туындыларды көрсетеді.

Өз көрермендеріне кинопремьералар ұсынады, қысқаметражды фильмдер түсіреді. Беделді фистивальдерден тікелей көрсетілімдер мен күнделіктер дайындайды.

Танымал ленталардың жасалу тарихы. Кейіпкерлер мен авторлардың тағдыры. Кадрдан тыс қалған дүниелер туралы баяндайды.

EL ARNA – мәңгілік елдің мұрасы!