«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы еліміздегі ең үздік отбасыны анықтайды
ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық.
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап конкурстың бірінші кезеңі басталды.
Байқауды өткізудің мақсаты:
1) ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
2) отбасыларды кәмелетке толған балаларының күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
3) отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды ынталандыру;
4) отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.