«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды
«Хабар» телеарнасы директоры қызметіне Динара Асқарқызы Бисембина тағайындалды.
Динара Асқарқызы Бисембина М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кәсіби қызметін Астана қаласындағы «Литер» газетінің тілшісі ретінде бастады. 2015-2017 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігінде қызмет жасаған.
2017 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған.