Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Президенттің айтуынша, келеңсіздіктер сыртқы нарықтың әсерінен болып жатыр. Қазақстан экспорттайтын негізгі тауарлар мұнай бағасының 2 еседен аса төмендеуі мен металл, тыңайтқыштардың арзандауы, оның үстіне, ресейлік рубльдің құлдырауы да себеп.
Мемлекет басшысы бұл бөгеттерді еңсеру үшін экономиканың қоры жеткілікті екенін айтты. Дағдарысқа төтеп беру үшін президент тапсырмасымен ел Үкіметі де жедел шаралар қолданып жатыр.
Басты жұмыстар – кәсіпорындарды қолдау, өнеркәсіптің тоқтап қалуына жол бермеу, жұмыссыздықпен күрес.