Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезі
Бұл съездің бір өзгешелігі – 200-ден аса партияның шалғайдағы бастауыш ұйымдары төрағаларының шақырылуы. Бүгінде еліміздегі 5600 бастауыш ұйым 850 мың партия мүшесінің басын қосты. Оған қоса, 100-ден аса ардагер мен партия белсенділері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган басшылары да осы жерге жиылды.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 16-шы съезіне қатысқан делегаттар партия атынан сайлауға үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Делегаттардың пікірін мұқият тыңдаған Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға өз келісімін беріп, Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысты қолдаған халыққа ризалығын білдірді.
Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы XVI съезінің ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ ОСЫНДА