Хабар телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының V Съезі

Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының V Съезі

Алып державаларды Президент санкциялық, ақпараттық майдандарды тоқтатуға шақырды. Таяу Шығыстағы, Солтүстік Африка мен Украинадағы шиеленістер бәсеңдемей тұр.

«Ислам мемлекеті» террористік ұйымының күш алуы – өз алдына бір әңгіме. Түптеп, келгенде бұның барлығы өңірлік, жаһандық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер төндіруде. Президент оларға қарсы күш біріктіруді ұсынды. 

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тағы 4 ұсыныс бар. «Әуелі алып державалар арасындағы санкциялық текетірестерді тоқтату керек», – деді Президент. Олар тұтастай әлем экономикасының дамуын тежеп тұр. Екіншіден, кез келген шиеленіс бейбіт жолмен шешілуі тиіс. Үшіншіден, ақпарат құралдары мен ғаламтордағы дінаралық араздық тудыратын материалдарды жою керек.

Ал БАҚ иелерінің жауапкершілігін арттыру қажет. «Бастысы – әлем елдері аштық пен жұмыссыздық мәселелерін шешуге, техногендік апаттар мен эпидемияларға қарсы күш біріктіруі маңызды», – деп түйді Елбасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ