Жаңа индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпір
Мыңдаған жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнестің көшін ілгерілету. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың бір легін Елбасы Үкімет мүшелерінің есебінен тыңдады. Индустриялық карта мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жартыжылдық жұмысына тоқталды министрлер. Қыруар қаржы жұмсалуда. Дегенмен Елбасы Ұлттық қор қаражатын қатаң қадағалау керектігін айтты.
Индустриялық саясат кемел экономиканың іргетасы іспеттес. Мұны өткен 5 жылдық дәлелдеп берді. Алда атқарылатын тірлік одан да көп. Биылдың өзінде бағдарлама шеңберінде 100-ге тарта жаңа кәсіпорын ашылады. Демек келесі бесжылдыққа артылып отырған үміт зор. «Нұрлы жолдан» да күтері көп Елбасының.
Бірі-бірімен тоғысып жатқан бағдарламалардың түбі бір игі мақсатты көздейді – дағдарысқа қарсы төтеп беру, заманауи инновациялық экономиканың қалыптасуына жол ашу. Онда халықтың әл-ауқаты да артатыны сөзсіз.