Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиыннан арнайы шығарылым
Халқымыздың қуанышына ортақтасуға бауырлас түркі мемлекеттерінің басшылары Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев пен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев келді.
Салтанатты жиында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев тұлпарлар тұяғымен жазылған ұлт тарихының тағдырлы кезеңдеріне тоқталып, Кеңестік замандағы сұрқия саясаттың салдарынан өткенімізден қол үзіп қала жаздағанымызды еске салды.