Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі ұжымының еңбектері бағаланды

Агенттігіміздің мерейтойымен біздің ұжымды ең әуелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Арнаға көп жылдар бойы қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан бірқатар әріптестерім «Хабар» Агенттігінің даму жолындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Құрмет» дипломдарымен марапатталды. Тілшілермен қатар оператор, режиссер, техникалық мамандар, тіпті көлік жүргізушілеріне дейін қошеметке ие болды. 

«Хабар» – қарымды тілшілер мен алғыр операторлар, тәжірибелі техникалық қызметкер және шығармашылыққа шабыт берген режиссерлардың басын қосқан ұжым. Бүгін «Хабардың» 20 жылдығы күнінде әрбір әріптестің көңіл-күйі көтеріңкі.

1995 жылдың 23 қазанында алғаш эфирге жаңалық ұсынған «Хабар» бүгінде телеотбасы. Агенттікте қазір мыңнан аса қызметкер еңбек етуде. Арнаның 20 жыл ішінде атқарған жұмысы да ауқымды. 

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі 

-Өткен уақыт ішінде «Хабар» еліміздің тәуелсіздігінің жетістігінің жаршысына айналды және Қазақстан бойынша 99 пайыз көрермендер аудиториясын қамтиды. Алдағы уақытта телеарна отандық телевизиялық өнімдердің сапасын одан әрі дамытып, жаңа жобалар ашады деп сенемін.

«Хабардың» басты капиталы – өз ісінің машықтанған кәсіби мамандары. Агенттіктің өсіп-өркендеуіне қажыр-қайратын аямаған өз ісінің шеберлері мерекелік медальдармен марапатталды. 

Айдос Үкібай, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы 

-Елбасымыз жіберген құттықтаудың барлығын оқып отырып, бүгінгі біз атқарып отырған миссияның еліміз үшін, ұлтымыз үшін, халқымыз үшін маңызды екенін көрдіңіздер. Ол жауапкершілікті сіз бен біз жақсы сезінеміз деп ойлаймын. Сондықтан құрметті әріптестер 20 жылдық біздің мерекеміз құтты болсын!

«Хабардың» бір ғана ақпараттық бөлімінде жылына 270 қорытынды жаңалықтар эфирге шығады. Арна еліміздің 99 пайызын қамтып отыр. Жарқын өмірдің жаршысы болған «Хабарда» 20 жыл бойы бірге еңбек етіп келе жатқан мамандар бар.

Тұрсын Ыдырысова, эфир режиссері  

-Инженер монтажда да болдық, стилист визажист та болдық. «Хабар» жедел дамыды. Техника, жабдықтар келді. Мерейтоймен құттықтаймын. «Хабар» өсе берсін, дами берсін.

Гүлжахрам Тұрдиева, жетекші визажист-шаштараз  

-«Хабар» Агенттігін бүгінгі күнімен құттықтаймын. Зор денсаулық бақыт тілеймін.

Димаш Құдайберген, әнші 

-Осынау 20 жылдық мерейтоймен құттықтауға рұқсат етіңіздер. «Хабар» Агенттігінің ұжымына қалың көрермен атынан, әншілер қауымының атынан шын жүректен рахмет айтқым келеді. 

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Әлібек Әлиев 

 

Бүгін Алматыда да Агенттіктің дамуына айтулы үлес қосқан ардагерлер мен бірнеше қызметкері «Құрмет» дипломымен, 20 жылдыққа арнайы әзірленген төсбелгімен марапатталды. 

Хабардың қара шаңырағы Алматыдағы филиалда «Хабар» Агенттігінің іргесі қаланған күннен еңбек етіп келе жатқан 35 азамат бар. Мерекелік төсбелгіні таққандардың қатарында қызметтік жолын тілші болып бастап, бүгінде Алматы бөлімшесін басқарып отырған Светлана Федорова, Күләш Ертілеуова, Қымбат Хангельдина, Қайрат Атагелдиев, Рәзия Ахметова, Серік Бақбаевтар бар. 

Ляззат Айтханқызы, «Хабар» Агенттігінің ардагер журналисі  

-Қазір қарап отырсақ, 20 жыл деген бізге бір 20 күн секілді өтіп кеткен сияқты. 20 жыл деген аз тарих емес. Осы журналистика мамандығы арқылы қаншама елді, жерді көрдік. Қаншама адамдармен жүздестік, сұхбаттастық, қаншама адамдарды танып білдік. Солар арқылы біз де өстік. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге биік белестерден көрінуді тілеймін! 

{gallery}/Gallery/sotr_habar/{/gallery}