Елбасының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан Қазақстан экономикалық өсім қарқынын сақтап қала алды.
Өсім көлемі 2015 жылдың 10 айындағы жағдай бойынша 1 пайызды құраған. Бұл туралы Ақордада Елбасының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болды.
Жалпы жиында басты үш мәселе қаралды. Бірінші – экономиканың аяқ алысы, екінші – индустриалды-инновациялық бағдарламаның жүзге асуы және үшінші – «Самұрық Қазынаның» берілген тапсырмаларды орындау барысы.
Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұндай оң көрсеткіштерге аса қиын кезеңде жетіп отырғандығын атап өтті. Және Үкімет алдағы уақытта да экономиканың даму қарқынын басты назарда ұстайтынын жеткізді.