Хабар телеарнасы

А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай түсірілген телеэпопеяның тұсауы кесілді

А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай түсірілген телеэпопеяның тұсауы кесілді

Іс-шараға қоғамдық, мәдени және саяси қызметкерлер, БАҚ өкілдері, блогерлер, сондай-ақ студенттер қатысты.

Көрермендерге қазақстандық атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірі және ол негізін қалаған «Отырар сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің қалыптасу кезеңі жайындағы «Құстар әні» көпсериалы көркем фильм ұсынылды. 

Бес сериялы көркем фильм аты аңызға айналған дирижердің 90 жылдығына арнайы түсірілген . 

Сюжеттің негізі – музыканттың қалыптасу жолы, адами қарым-қатынастар, сондай-ақ өзінің білімі мен тәжірибесін келешек ұрпаққа беруге ұмтылу. Картинадағы көрініс 80-жылдарды көрсетеді. 

Көркем фильмнің «Хабар» арнасындағы тұсаукесері 15 желтоқсанда сағат 21.30-да болды.

 

Сондай-ақ қазақ ақыны Абайдың 170 жылдығына орай түсірілген «Өмірдастан. Ақылдың кілті» телеэпопеяның тұсауы кесілді. Фильмнің негізі – оның «Қара сөздері». 

Телетуынды түрлі отбасының ХІХ ғасырдың, ХХ ғасырдың 40 және 90-ыншы жылдарындағы үш ұрпағының өмірі туралы. 

Картинаға театр және кино актерлері Дулыға Ақмолда, Данияр Базарқұлов, Бауыржан Қаптағаев, Дархан Сүлейменов және басқалар қатысты. 

Сериал «Хабар» телеарнасының эфирінен желтоқсанның соңында көрсетілетін болады.

 

«Өмірдастан. Ақылдың кілті» телеэпопеясының барлық бөлімдері ОСЫНДА

«Құстар әні» көпсериалы көркем фильмінің барлық бөлімдері ОСЫНДА