Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің еркін айналымға жіберілуіне байланысты үнемделген қаражатты ескере отырып, дағдарысқа қарсы шараларға қосымша қаржы бөлінетінін жеткізді.
ҚР Президенті 2016 жылы барлығы 1 трлн. 450 млрд. теңге еркін зейнетақы жинақтарын бірқатар бағыттарға инвестициялауды тапсырды.
Сондай-ақ тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 360 млрд тенге бөлуді, оның ішінде 53 млрд тенге жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 149 млрд тенге несиеге берілетін баспанаға, ал 22 млрд тенге салымшыларды несиелендіруге үлестіріледі. Елбасы жеке құрылыспен айналысушыларды қолдау үшін 97 млрд теңге бөлуді жүктеді.