Мемлекет басшысының төрағалығымен қазіргі өзекті мәселелер жөніндегі кеңес
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген кеңесінде халықты алаңдатқан ең өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ бүгін бірқатар лауазымды тұлға қызметінен кетті. Енді Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты Үкімет жанынан арнайы комиссия құрылатын болды. Оны бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев басқарады.
Ол комиссия мемлекеттік органдармен, халықпен Жер кодексіндегі даулы мәселелерге қатысты ұстанымдарды айқындап, Парламентке ұсынуы тиіс.