Хабар телеарнасы

Алмагүл Ахметжанова «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы қызметіне тағайындалды

2016 жылғы 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың орнына келді.

Қысқаша анықтама:

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

ҚазМҰУ 1998 жылы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.

Алмагүл Ахметжанова агенттіктегі өз еңбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер қызметінен бастаған.

2002 - 2004 жылдары бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, 2005 - 2011 жылдары бағдарламалар дирекциясының директоры, 2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

«Хабар» Агенттігі» АҚ медиа холдингі 1995 жылдың 23 қазанында құрылды. Қазақстанда және шетелде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар», «Kazakh TV»,«24 KZ» және «Білім және Мәдениет» атты 4 арнадан тұрады.