Ринат Кертаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды
«Агенттік трансформациядан өтіп жатқан тұста бұл қызметке тағайындалу үлкен жауапкершілік екені сөзсіз. Алдымызда күрделі міндеттер тұр, бірақ біздің нақты жоспарларымыз бар және батыл қимылдарға көшпекпіз», – дейді Ринат Кертаев.
Ринат Думанұлы Кертаев 1983 жылы 23 сәуір күні Жамбыл облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығын бітірген.
«Хабар» Агенттігіндегі еңбек жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталады. 2010 жылдан 2011 жылға дейін жаңалықтар бөлімінде сарапшы-редактор болды.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, «Баспа және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ ҚР Президенті Грантының иегері.
Бұған дейін «Хабар» арнасының директоры қызметін атқарды.