Ленинград блокадасына 71 жыл
Шымкент қаласындағы №8 гимназияда өткен шараға фашистер құрсауында болған 900 күнді бастан өткерген блокадашылар мен соғыс ардагерлері арнайы шақыртылды.
Жиында сол сұрапыл жылдары қала тұрғындарының жігерін шыңдаған ақын Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңінен үзінді оқылып, әскери әндер орындалды. Сабыр Рақымов атындағы әскери мектептің оқушылары облыстық мұражайдан Санкт-Петербор қаласындағы ең үлкен «Пискарев» бауырластар зиратынан бір уыс топырақ салынған «капсуланы» арнайы алып келді. Жат жерде қаза болған қазақстандық жауынгерлердің топырағы салынған құмыра өткен жылы жеткізілген болатын. Қазір ол мұражайдағы құнды экспонаттардың қатарында.