23 ақпан – Иван Васильевич үшін ерекше күн
Солардың қатарындағы көзі тірі жалғыз батыр Иван Косенков Үштөбе қаласында тұрады. Ақсақал жуырда 91 жасқа толды.
Ұлы жеңістің 70 жылдығы жақындаған сайын оны құттықтаушы ұжымдар мен қоғамдық ұйымдар көбеюде.
23 ақпан – Иван Васильевич үшін ерекше күн. Кеңес Одағының Батыры атағы оған 1944 жылдың дәл осы күні Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін берілген. Сондықтан ақсақалдың «Алтын Жұлдыз» алған күні еске алынып, оған өзі қалаған емдеу-сауықтыру орталығына сертификат тапсырылды.
Ольга Черемных, батырдың қызы
-Алдымызда Жеңіс мерекесі келе жатыр. Әкемді құрметтеп жатқандарыңызға рахмет. Ардагерлер аман болсын. Елге береке-бірлік тілеймін.
Иван Косенков, Кеңес Одағының Батыры
-Баршаңызға денсаулық пен бақыт тілеймін. Отанымыз гүлдене берсін!