Хабар телеарнасы

Күдебаев 10 жылға сотталды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орта деңгейлі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Түркияда ұсталып, елге жеткізілген генералға қатысты екі бірдей сот отырысы өтті. Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды. Бірақ сотталушы тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсіз екенін айтты. 

Үмбетай Әбіллә, Жетісу облыстық сотының судьясы:
-Серік Күдебаевты арнайы генерал майор шенінен және «Айбын» екінші дәрежелі мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс әзірленсін. Айыпталушыны қамауда ұстау шешімі сол қалпында қалдырылсын.