Хабар телеарнасы

ҰБТ-дан жоғары балл алуға көмектескен 3 күдікті ұсталды

ҰБТ мен педагогтардың білімін бағалау процестеріне араласып, жоғары балл алуға көмектескен 3 күдікті ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды тінту барысында техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Күдіктілер арнайы бағдарламалар арқылы талапкерлер мен ұстаздардың компьютеріне қашықтан қосылып, жәрдемдескен. Қазіргі таңда 207-ші және 210-шы баптар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Еске салайық, былтыр дәл осындай қылмыс жасағаны үшін 6 адам жазаға тартылған.