Елімізде биыл адам саудасы бойынша 110 қылмыстық іс тіркелді
Әсіресе Бахрейн Корольдігіне және Оңтүстік Кореяға адам сатпақ болғандардың саны басым. Бес адамнан құралған трансұлттық қылмыстық топтың да жолы жабылды. Ал әлемдегі жағдай жаға ұстатарлық. Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, жыл сайын 25 миллион адам құлдыққа түседі. Бүгінгі конференцияға келген халықаралық сарапшылардың пікірінше, алданатындардың басым бөлігі әйелдер мен шекара асып нәпақасын табу үшін барғандар. Енді елімізде басқа елдермен сенімді серіктестік күшейіп, азаматтарды қорғау нығаймақ.
Руслан Жақсылықов, Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының қызметкері:
-АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, осындай шара ұйымдастырып жатырмыз. Бұл іс-шараның мақсаты — осы мемлекеттердің озық елдердің тәжірибесін зерттеу. Осы халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жүзеге асыру болып табылады.
Дэниел Розенблюм, АҚШ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
-Америка Құрама Штаттары Қазақстан және Орталық Азияның барлық елдерімен адам саудасымен күресудегі көпжылдық әріптестігі жолға қойылған. Бізде Қазақстандағы Үкіметпен және Үкіметтік емес ұйымдармен жақсы серіктестік бар. Адам саудасының құрбандарына жағдай жасалу және үйлеріне қайтарылуын қамтамасыз ету, сонымен қатар тергеу үшін жеткілікті дәлелдемелерді жинау үшін бірлесіп жұмыс істеуде.