Алматы облысында адам ағзасын сатумен айналысқандар ұсталды
Күдікке 22 адам ілікті. Арасында медицина саласының және нотариус қызметкерлері бар. Қазір қылмысты ұйымдастырған басты үш тұлға анықталып, қамауға алынды. Полицейлердің мәлімдеуінше, олар арнайы схема негізінде жұмыс істеген. Бірі қолдан жалған құжат жасап, екіншісі дене мүшелерін операциямен алып отырған. Мәселен, өкпе-бауырдың бағасы 10 млн теңге. Күдіктілер 8 донормен келісім жасаған. Осы әрекеті үшін олар енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.