Өскеменде ардагерлерге күтпеген сый жасалды
Қаладағы емдеу-сауықтыру орталығының мамандары ардагерлерді сұлулық салондарына шақырып, түрлі қызмет түрлерін көрсетіп, сәндеп жатыр.
Отыз бес жылдан астам шаруашылықтың әр саласында қара жұмыс атқарған
Дәмелқан Желдібаева сән салонына бірінші рет келгенін жасырмайды. Төрт бала өсіріп, жеткізіп, олардан бүгінде 8 немере сүйіп отырған асыл әже қартайғанда мемлекеттен ерекше қамқорлық көріп отырғанына дән риза.
Дәмелқан Желдібаева, еңбек ардагері
-Үйде менің 2 қызым бар. Немерелерім. Соларға барып айтамын. Мақтанамын. Қалай бізге маникюр жасады деп. Бірінші рет. Қолым әшейін дем алып қалды.
Владимир Пронин, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Бұл бізге көрсетіп жатқан ерекше құрмет. Сондықтан шын жүрегімізбен алғыс айтамыз. Өмірге деген қызығушылығың артып, көңіл-күйің көтеріліп қалады.