Жетісу облысында жасөспірімдер қылмысы азаймай тұр
Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасында өткен жылы 28 қылмыстық іс тіркелген. 77 мың жасөспірімнің құқы қорғалды. Прокуратура өңірдегі балабақша асханаларын тексеріп, олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтінін анықтаған. Сөйтіп технологиялық карта жасалып, ас мәзірі қайта қаралды. Өз-өзіне қол салу, буллинг сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін мектептерде білім басқармасы мен құқық қорғау орындары қызметкерлерінің қатысуымен арнайы кездесулер ұйымдастырыла бастады.