Тестті көшіріп алмақ болғандар сотталды
Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұққан 3 азамат ұсталып, 1 жыл бас бостандықтарынан айырылды. Олар педагогтар мен магистранттардың білімін бағалайтын құнды ақпараттарды көшіріп алуға тырысқан. Үкімдер Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы №2 сотында шықты. Яғни қылмыстық кодекстің 205-ші және 208-ші баптарының 2-ші бөлігімен кінәлі деп танылды. Олар бас бостандығынан айырылып, салалары бойынша 3 жыл қызметтен шеттетіледі.