Маңғыстауда фастфуд орталығының иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Асханадағы тамақ құрамы зертханада талданып жатыр. «Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң процессуалдық шешім қабылданады»,— дейді полиция қызметкерлері. Бейнеу ауылында тапсырыспен пицца, суши алдырып жеген 37 адамның уланғаны жайлы бұған дейін хабарлаған едік. Қазір аудандық ауруханада 27 тұрғын емделіп жатыр. Науқастардың жағдайы бірқалыпты. Арасында жүкті әйелдер мен балалар бар.
Айболат Мұрзашев, облыстық ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы:
-ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен тіркелді, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Үлгілерге байланысты қорытындылар әлі күтілуде. Қылмыстық іс жалғасуда. Басқа мәліметтер қылмыстық-процессулаьдық кодекстің 201-бабына сай жарияланбайды.