Хабар телеарнасы

Білім беру саласында 15 млрд теңгенің ұрлығы анықталды

Бір жыл ішінде білім беру саласында жасалған сыбайлас жемқорлық әрекеттерден мемлекетке 15,1 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Былтырдан бері білім беру саласында жемқорлық әрекеттер жасамақ болған 317 азамат қылмыс үстінде ұсталып, 144 адам сотталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- 2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,1 млрд теңгені құрады. Жымқырудың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында анықталды.