Хабар телеарнасы

Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан Қазақстанға қайтарылды

Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Күдікті 2019-2021 жылдар аралығында Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Нәтижесінде қырыққа жуық адамнан жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам қаржы алып, Арменияда жасырынған. Қазір ол елге жеткізіліп, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды. Енді ол 5-тен 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.