Ақша жымқырғандар құрықталып жатыр
Маңғыстау облысында «Ойл Tранспорт Kорпорейшэн» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары ұсталды. Олар бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтеген. Бұдан басқа мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударған. Сондай-ақ «Қазмұнайгаз» «Ұлттық компаниясына» еншілес ұйымның басшы лауазымындағы бірнеше тұлғалар да заң алдында жауап беретін болды. Олар компанияның 11 млн теңгесін жымқырды деп айыпталып отыр. Облыстық прокуратура мен уәкілетті органдардың мұнай-газ саласындағы жекелеген кәсіпорындарға жүргізген тексеру барысында 19 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.