Хабар телеарнасы

Алматыда қалалық емхананың бухгалтерлері сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі хабарлады. Заңсыз әрекеттерге барған бас бухгалтер мен оның қарамағындағы қызметкер 341 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Олар іс-жүзінде ауруханада жұмыс істемейтін адамдарға жалақы беріп, басқа да төлемдерді заңсыз аударып отырған. Медеу аудандық сотының үкімімен емхананың бас бухгалтері 7,5 жылға, ал оның қарамағындағы қызметкер 7 жылға сотталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.