Хабар телеарнасы

3 өңірде қылмыстық топтардың заңсыз әрекеті әшкереленді

Соңғы үш күнде бопсалаумен айналысып, құйтырқы әрекеттерке барған үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті әшкереленді. Қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері зорлық-зомбылық әрекетіне барып, студенттен 500 мың теңге бопсалаған оралдық жастар тобын ұстады. Ал Шымкентте екі азамат бір тұрғынға қатысты ақпарат таратамыз деп миллион теңге сұраған. Заңсыз әрекетке барғандар құрықталды. Ішкі істер министрлігі, Ақтөбеде 8 миллион теңге сұрап, жертөледе жәбірленушіге физикалық қысым көрсеткендер мен оның сыбайластарын анықтады. 

Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
-Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері 1 миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол өзінің 3 сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.