Талғар оқиғасы: тағы бір күдікті ұсталды
17 қазанда Талғарда аяусыз өлтірілген Шерзат Болаттың оқиғасы бойынша тағы бір күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады. Департаменттің әлеуметтік желідегі ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, қылмыстық істі тергеу кезінде бүгін К. есімді азамат ұсталған. «Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешенін жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», - делінген хабарламада.