₸500 млн шығын: Павлодар облысының агроөнеркәсіп саласында заңбұзушылық анықталды
Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 500 миллион теңге шығын келді. Облыс прокуратурасы тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықты анықтаған. Мәселен, екі бірдей ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші техника алу үшін берілген 132 млн теңге субсидияны басқа мақсатқа жұмсаған. Облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс берілді.