Хабар телеарнасы

Үлестік және жалға берілетін тұрғын үйлердің 67% заңсыз сатылған

Үлестік және жалға берілетін тұрғын үйлердің 67% заңсыз сатылған. Бұл туралы Қазақстан тұрғын үй компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді. Айтуынша, мұндай мониторинг бірінші рет жасалған. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Дегенмен енді тұрғын үйді сатып алар кезде келісімшартты дұрыс түсінбегендерге жасанды интеллект көмектеседі. Тіпті заңды немесе заңсыз құжат екенін нақтылап береді. Жауаптылардың айтуынша, келер жылға дейін бағдарлама толық дайын болмақ. Ұялы телефондағы екінші деңгейлі банк бағдарламаларында қосымша бөлім ретінде қарастырылады. Еске сала кетейік, Қазақстанның құрылыс нарығында мыңнан астам компания бар. Олардың басым бөлігі Түрік елінің еншісінде. Одан бөлек елімізде ескірген үйлердің саны 3 мыңға жеткен. Оның 1200-і Алматы қаласында. 

Алтай Күздібаев, «ҚТК» АҚ басқарма төрағасы:

- Министрдің приказымен бекітілген келісімшарттың үлгісі бар. Заң бойынша. Бірақ көбінесе біздің азаматтар құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйді сатып алған кезде келісімшартты дұрыстап оқымайды. Сол үшін онлайн чат-ботты жасап жатырмыз.