Хабар телеарнасы

Еріктілер қозғалысының белсендісі ₸1,5 млрд жымқырды деген күдікке ілінді

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталды. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Құзырлы органның дерегінше күдікті бұқарадан жиналған қаржыны қымбат зергерлік бұйымдар мен жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсаған. Бұл жағдайға қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін айтты.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Қазіргі кезде Қазақстанда волонтёрлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын.